Жоғалып кеткен 9 жастағы қызбала көрші көпқабатты үйден табылды

Жоғалып кеткен 9 жастағы қызбала көрші көпқабатты үйден табылды

07.07.2026 жылы кешкі сағат 18:00 шамасында, өзінің тұратын көпқабатты үй алдындағы балаларға арналған ойын алаңында ойнап жүріп жоғалған.
Анасы өздігінен іздеп таппағаннан кейін, «102» байланыс нөміріне хабарласып, көмек сұраған.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Жасұлан Каблаков пен Шах Бегалиев бүлдіршінді іздеуге кірісіп, сұрастыру арқылы көрші көпқабатты үйлердің бірінде құрбысының үйінде екенін анықтап, анасына апарып аман-есен тапсырды.

Нәтижесінде азаматша полиция қызметкерлеріне өз ризашылығын білдірді.