Шымкентте «Жалдамалы пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Шымкентте «Жалдамалы пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасы 1 шілде мен 30 қыркүйек аралығында «Жалдамалы пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері жалға берілетін пәтерлерді тексеріп, пәтер иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Пәтер иелеріне тұрғын үйді заңды өкілінсіз жүрген 18 жасқа толмаған кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ мас күйіндегі азаматтарға жалға беруге жол берілмейтіні түсіндірілуде.

Сонымен қатар, жалға алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттарын міндетті түрде тексеру, тұрғындардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету талаптары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Жедел-профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.