
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында полиция қызметкерлерімен рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
«Таза Қазақстан» акциясының мақсаты – қала аумағын тазалықта ұстап, қоршаған ортаны ластамау. Іс-шара аясында қала аумағында қоқыс тастап, табиғатымызды қорлап жатқан азаматтарды анықтау үшін дрон құрылғысы пайдаланылып, құқықбұзушылық анықталған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес жауапкершілік қаралатыны ескертіледі.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Табиғатты аялау – әрбір азаматтың парызы.