Шымкентте «Таза Қазақстан» және «Заңсыз сауда» іс-шаралары аясында рейдтік жұмыстар жүргізілуде

Шымкентте «Таза Қазақстан» және «Заңсыз сауда» іс-шаралары аясында рейдтік жұмыстар жүргізілуде

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және «Заңсыз сауда» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтік жұмыстар жүргізуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – заңсыз сауда деректерінің алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелер мен қоғамдық орындардағы санитарлық тазалықты сақтау және тұрғындар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

Рейд барысында полиция қызметкерлері рұқсат етілмеген орындарда сауда жасап жүрген азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіріп, заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдануда.

Шымкент қаласының полициясы тұрғындарды белгіленген сауда орындарын ғана пайдалануға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қала тазалығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақырады.