Жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен саптық жиын өтті

Жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен саптық жиын өтті

Қызметке кірісер алдында полк басшылығы жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен саптық жиын өткізіп, Шымкент қаласындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы негізгі міндеттерге тоқталды.
Қызметкерлерге кешкі және түнгі уақытта құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту, азаматтардың өтініштері мен хабарламаларына жедел әрекет ету, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың тыныштығын бұзатын азаматтарға қатысты заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.
Полиция қызметкерлерінің негізгі мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу.