Шымкентте «Бір нүктелік» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Шымкентте «Бір нүктелік» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

01–03 шілде аралығында Шымкент қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Бір нүктелік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Жасөспірімдер жиі баратын компьютерлік клубтар, ойын-сауық орындары мен өзге де қоғамдық орындар бақылауға алынып, тексеру жүргізілуде.

Рейд кезінде жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған профилактикалық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, түнгі уақытта балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылуда.

Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың заң талаптарын сақтауына ықпал ету және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін күшейту.

Қауіпсіз қоғам – заң мен тәртіптен басталады. Әрбір баланың амандығы мен қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.