
Патрульдеу барысында полиция қызметкерлері жол жиегінде тұтанған өртті байқап, бірден әрекет етті.
Шымкент қаласы Республика көшесінің жиегіндегі өртті байқаған патрульдік полиция полкінің 336 автоэкипаж қызметкерлері, тездетіп әрекет жасап, жақын маңда көгалды суғарған су таситын көлікті тоқтатып, өтініш жасап, тілсіз жаудың одан әрі таралуына жол бермей, өртті сөндірді.
Нағыз полиция қызметкері – кез келген жағдайда халықтың қауіпсіздігін бәрінен жоғары қоятын жан. Осындай қырағылық пен жауапкершіліктің арқасында үлкен қауіп алдын алынды!