Шымкентте жалдамалы пәтерлерге рейд жүргізілді

Шымкентте жалдамалы пәтерлерге рейд жүргізілді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағында тәуліктік және қысқа мерзімге жалға берілетін пәтерлерге рейдтік іс-шаралар өткізді.
Іс-шара барысында жалдамалы тұрғын үйлерде қоғамдық тәртіптің сақталуы тексеріліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Пәтер иелеріне тұрғын үйді жалға беру кезінде заң талаптарын сақтау және күмәнді жағдайлар туралы полицияға хабарлау қажеттігі түсіндірілді.
Шымкент қаласы Полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады және жалдамалы тұрғын үйді беру кезінде қауіпсіздік талаптарына ерекше назар аударуды ескертеді.