Ұлттық домбыра күні – ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын мереке

Ұлттық домбыра күні – ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын мереке

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Полиция басқармасы қызметкерлері Ұлттық домбыра күніне орай ұлттық мәдениет пен рухани мұраны дәріптеуге бағытталған іс-шараларға қолдау білдіреді.

Домбыра – қазақ халқының төл өнері мен ұлттық болмысын айшықтайтын қасиетті аспап. Оның қоңыр үні елдің тарихын, салт-дәстүрін, бірлігі мен рухани құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді.

Ұлттық домбыра күні – жастардың ұлттық мәдениетке деген құрметін арттыруға, тарихи мұраны сақтауға және қоғамда отансүйгіштік құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін маңызды мереке.

Осы айтулы күнде Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Полиция басқармасы барша қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтай отырып, елімізге бейбітшілік, халқымызға амандық, әр шаңыраққа береке мен бірлік тілейді. Ұлттық өнеріміз өркендеп, домбыраның қоңыр үні мәңгілік жаңғыра берсін.