Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері құқықбұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Бір нүктелік» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға интернет желісін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, күмәнді сілтемелерге өтпеу, банк карталарының деректері мен SMS арқылы келетін растау кодтарын, сондай-ақ жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу қажеттігі ескертілді.
Полиция қызметкерлері интернет арқылы жасалатын алаяқтық фактілерінің жылдан-жылға көбейіп келе жатқанын айтып, азаматтарды сақ болуға және кез келген күмәнді жағдай туындаған жағдайда полицияға жедел хабарласуға шақырды. Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасы құқықбұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған мұндай профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жалғастырады.