
Шымкентте полицияның кешенді күштерінің гарнизондық таратуы өтті. Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев жеке құрамның қызметке дайындығын тексеріп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау бағытындағы негізгі міндеттерді айқындады.
Саптық байқау барысында қызметкерлердің сыртқы келбеті, қызметтік жабдықтары мен жарақтандырылуы, сондай-ақ қызметтік автокөліктердің дайындығы тексерілді. Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың өтініштері мен хабарламаларына жедел ден қою және қызмет атқару сапасын арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Іс-шарада қызметтік міндеттерін адал әрі мінсіз атқарған бірқатар қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар, патрульдік полицияның автопаркі алты жаңа қызметтік автокөлікпен толықты.