
Шымкентте Қазақстан полициясы күніне орай ішкі істер органдарының ардагерлері арасында шағын футболдан жолдастық кездесу өтті.
Спорттық шара салауатты өмір салтын насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және қызметтің игі дәстүрлерін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.
Жолдастық кездесу жылы әрі достық атмосферада өтті. Ардагерлер командалық бірлік пен спорттық шеберлік танытты. Кездесу соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, мұндай іс-шаралар әріптестер арасындағы сыйластықты арттырып, кәсіби бауырластықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.