Ашық есік күні: Шымкент жастары полиция қызметімен жақын танысты

Қазақстан полициясы күніне орай Шымкент қаласы полиция департаментінде жастар, студенттер, мектеп оқушылары, еріктілер және қоғам өкілдерінің қатысуымен Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушылар полиция департаментінің музейін аралап, ішкі істер органдарының қалыптасу тарихымен, сала ардагерлерінің өнегелі жолымен танысты. Одан кейін қонақтар Жедел басқару орталығына барып, бейнебақылау жүйелерінің көмегімен қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің қалай қамтамасыз етілетінін көрді.

Сонымен қатар, келушілерге полиция қызметінде қолданылатын арнайы автокөліктер, заманауи техникалық құралдар мен арнайы жабдықтардың мүмкіндіктері таныстырылды. Криминалистикалық бөлім қызметкерлері қылмыстарды ашу барысында пайдаланылатын құрал-жабдықтарды көрсетіп, олардың қызметтегі маңызы туралы айтып берді.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, құқық қорғау саласындағы қызметтің ерекшеліктері мен жауапкершілігі туралы кеңінен ақпарат ұсынды.

Іс-шара соңында жастар алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді. Олар үшін бұл күн тек қызықты ғана емес, болашақ мамандық таңдауға жол көрсеткен маңызды тәжірибе болды.