Қазақстан полициясы күні қарсаңында Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қалалық Арбатта талантты полиция қызметкерлерінен құралған топ өнер көрсетіп, көпшілікке мерекелік бағдарлама ұсынды.
Қала тұрғындары мен қонақтары сүйікті әндеріне қосылып, көтеріңкі көңіл күймен әсерлерімен бөлісті. Іс-шара полиция мен халықты қоғамдық қауіпсіздік мәселелерімен қатар өзара сенім де біріктіретінін көрсетті.
Арбаттағы мерекелік кеш жиналған қауымға жарқын эмоциялар сыйлап, полиция қызметкерлерінің қоғаммен әрдайым тығыз байланыста екенін тағы бір мәрте айқындады.