«Рақмет, офицер мырза!»

«Рақмет, офицер мырза!»

Күн сайын полиция қызметкерлері түрлі жағдайларда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтауға қызмет етеді.

Біреуге жол көрсетеді, енді біріне қиын сәтте қол ұшын созады, жоғалған баланы ата-анасына табыстырады, жол-көлік оқиғасы кезінде алғашқы болып көмекке келеді, қауіптің алдын алып, талай адамның өміріне араша түседі.

Бұл еңбектің ең үлкен бағасы – халықтың шынайы алғысы. Осы бейнероликте түрлі тағдыр иелері өз өмірлерінде кездескен оқиғалармен бөлісіп, сол сәтте жанынан табылған полиция қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.

Әрбір айтылған «Рақмет!» деген сөздің артында дер кезінде көрсетілген көмек, сақталған өмір және адамдардың полицияға деген сенімі жатыр.

Қоғам тыныштығы мен азаматтардың амандығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларына айтылған әрбір алғыс – олардың адал қызметіне берілген ең жоғары баға.