Жиын барысында полиция қызметкерлерінің қызметке дайындығы, сыртқы келбеті, қызметтік тәртібі мен жабдықтарының толықтығы тексерілді.
Іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ұлықбек Мылтықов қатысып, жеке құрамға нақты тапсырмалар жүктеді.
Атап айтқанда, жаяу жүргіншілер көп шоғырланатын орындарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мен бақылауды күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, түнгі уақытта көшелерде жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қатаң бақылауға алып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлеріне азаматтармен сыпайы қарым-қатынас жасап, заңдылықты қатаң сақтай отырып, қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен атқару қажеттігі ескертілді.