Шымкент қаласы полиция департаментінің психолог мамандары жеке құрам арасындағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту, командалық рухты нығайту, эмоционалдық күйзеліс пен кәсіби шаршаудың алдын алу мақсатында «Дендрологиялық» саябақта «Психологиялық қолдау» онкүндігі аясында тренинг-тимбилдинг ұйымдастырды.
Онкүндік барысында Гендерлік саясат жобасы аясында ішкі істер органдарында қызмет атқаратын әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамытуға бағытталған психологиялық қолдау және релаксациялық іс-шаралар өткізілді. Қатысушылар психологиялық ресурстарды сақтау, ішкі тұрақтылық пен төзімділікті дамыту мәселелерін талқылады.
Тренингтер ашық алаңда ұйымдастырылып, қызметкерлердің бейресми жағдайда қарым-қатынас орнатуына және ұжымдық өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік берді.
Іс-шараға Шымкент қаласы полиция департаментінің 1000-ға жуық қызметкері қатысты.
Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.