2026 жылғы 12 маусым күні Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Тоғыз шағын ауданында орналасқан сауда орындары мен адамдар көп шоғырланатын аумақтарда интернет-алаяқтық, киберқылмыстар және дроперлік фактілердің алдын алуға бағытталған кең ауқымды профилактикалық іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, интернет кеңістігіндегі қауіптер туралы ақпараттандыру және «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық жұмысты күшейту.
Түсіндіру жұмыстары барысында азаматтарға интернет-алаяқтардың кең таралған әрекет ету тәсілдері, банк карталарын заңсыз пайдаланудың алдын алу жолдары, күмәнді ақша аударымдарын тексеру тәртібі және жеке деректерді қорғау бойынша маңызды ақпараттар жеткізілді.
Тұрғындарға банк карталарын және банк шоттарын үшінші тұлғалардың пайдалануына бермеу, карта деректерін, CVV-код пен SMS арқылы келетін растау кодтарын жария етпеу, сондай-ақ күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сақтықпен қарау жөнінде түсіндіру жүргізілді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасаты