Құрметті қала тұрғындары мен қала қонақтары!!

Құрметті қала тұрғындары мен қала қонақтары!!

Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен қала аумағында ағымдағы жылы маусым айының 8-14 жұлдызы аралығында «СТОП ГРАФФИТИ» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты есірткі құралдарын насихаттайтын заңсыз граффити жазбаларын анықтау және жою, сондай-ақ жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

«Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектес және прекурсорларды насихаттағаны үшін немесе заңсыз жарнамалағаны үшін» ҚР ҚК-нің 299-1 бабында 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Полиция департаменті азаматтардан қала тазалығын сақтауға және кез келген құқық бұзушылыққа бей-жай қарамауға шақырады.