«Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

«Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

2026 жылғы 5–14 маусым аралығында Шымкент қаласының аумағында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Осыған байланысты Шымкент қаласы Полиция департаментінің Абай аудандық полиция басқармасы Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері халық көп шоғырланатын орындарда тұрғындар арасында профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында:

 тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу;
 азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру;
 Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-1-бабына сәйкес сталкингтің (адамды қасақана аңду, мазалау немесе қорқыту) заң алдындағы жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, тұрғындарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы құндылықтарын насихаттау және құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша ақпарат беріліп, арнайы брошюралар таратылды.

Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз немесе оның куәсі болсаңыз, «102» арнасына хабарласыңыз.

Заң мен тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің кепілі.