Шымкент ҚПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы “Отбасы - бақыт мекені” атты ашық есік күнін өткізді. Аталған іс-шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық көмек көрсету.
Апталық аясында тұрғындар үшін ашық қабылдаулар ұйымдастырылып, құқықтық мәселелер бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қабылдауға келген азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, заң талаптарына сәйкес қажетті кеңестер берілді.
Сонымен қатар, отбасылық құндылықтарды нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, бала құқықтарын қорғау және қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл ісшара – халық пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара сенімді нығайтып, әрбір отбасының әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды бастама. Отбасы – қоғамның тірегі, ал берекелі отбасы – тұрақты әрі қуатты мемлекеттің кепілі.