Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші ауданы Полиция басқармасы қызметкерлері құқықбұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында «Бір нүктелік» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Іс-шара барысында учаскелік инспекторлар тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, профилактикалық есепте тұрған азаматтармен әңгімелесу өткізді. Сонымен қатар қару сақтау талаптарының сақталуы тексеріліп, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша тұрғындарға қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.

Бұдан бөлек, «қор-қорды» заңсыз пайдаланудың жолы кесіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тәркіленді.

Аталған іс-шара қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жалғасатын болады.