«Жолдағы балалар!» ЖПІШ: жазғы демалыс қауіпсіз өтуі тиіс

«Жолдағы балалар!» ЖПІШ: жазғы демалыс қауіпсіз өтуі тиіс

3–7 маусым аралығында Шымкент ҚПД Тұран ауданы Полиция басқармасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында республикалық «Жолдағы балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Жалпы, жаз мезгілінің басталуымен самокат, велосипед және басқа да жеке мобильді көлік құралдарын басқаратын балалар саны артады.

Тұран АПБ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары жол қозғалысына қатысушылардың барлығын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады және ата-аналар мен жүргізушілерге үндеу жолдайды:

Жүргізушілер! Аула аумақтарында, саябақтарда және жаяу жүргіншілер өткелдерінің маңында аса мұқият болыңыздар. Самокатпен, велосипедпен, роликпен немесе мопедпен жүрген балалар жолға кенеттен шығып қалуы мүмкін!

Ата-аналар назарына! Балаларға велосипедпен немесе самокатпен өтпей, жолды тек жаяу өту қажет!

Балаларымыздың өмірін бірге сақтайық.