РӘМІЗДЕР РУХЫ – КОНСТИТУЦИЯ КҮШІ

РӘМІЗДЕР РУХЫ – КОНСТИТУЦИЯ КҮШІ

Шымкент қаласы полиция департаментінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Рәміздер рухы – Конституция күші» ұранымен салтанатты іс-шарасы өтті.

Мерекелік іс-шараға департаменттің басшылық құрамы мен жеке құрамы қатысып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына құрмет көрсетіп, Мемлекеттік Әнұранды орындады.

Жиын барысында мемлекеттік рәміздер – тәуелсіз еліміздің басты құндылықтары, мемлекетіміздің егемендігі мен тұтастығын айшықтайтын қасиетті нышандар екені атап өтілді.

Іс-шара мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге бағытталған.