Қаратау ауданында орналасқан Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің студенттері арасында “Зорлық-зомбылыққа жол жоқ” тақырыбында флешмоб өтті.
Мақсаты: жастар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы көзқарас қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамды бірлесіп әрекет етуге шақыру.
Акция барысында студенттер зорлық-зомбылыққа қарсы үндеу білдіріп, бейбітшілік, сыйластық және қауіпсіз қоғам құрудың маңыздылығын көрсетті. Акция қатысушылары отбасындағы татулық пен өзара құрметтің қоғам тұрақтылығының негізі екенін атап өтті.