Шымкенттік полицейлер республикалық бокс чемпионатында ІІ орын иеленді.

Шымкенттік полицейлер республикалық бокс чемпионатында ІІ орын иеленді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлері арасында өткен алғашқы республикалық бокс чемпионаты өз мәресіне жетті.

Еліміздің барлық өңірінен жиналған 25 команда құрамындағы 200-ден астам қызметкер қатысқан жарыста Шымкент қаласы полиция департаментінің «Арлан» спорт клубынан құралған командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте жүлделі ІІ орынды иеленді.

Жарыстан оралған спортшыларды Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрбол Мырзатаев салтанатты түрде қарсы алып, жетістіктерімен құттықтады.

Республикалық чемпионат қазақстандық полицейлердің дене даярлығының жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп, ведомстволық спорт өміріндегі маңызды оқиғалардың біріне айналды.