Жүк көліктерінің жан-жағында жүргізушіге толық көрінбейтін «соқыр аймақтар» болады.
Бұл аймақта тұрған көлік, мотоцикл, велосипедші немесе жаяу жүргінші айна арқылы көрінбеуі мүмкін.
Сондықтан жолда абай болыңыз:
Жүк көлігінің оң жағында ұзақ қатар жүрмеңіз
Алдынан кенет тоқтамаңыз
Артынан тым жақын ермеңіз
Басып озу кезінде қауіпсіз арақашықтық сақтаңыз
Есіңізде болсын: жүк көлігі бірден тоқтай алмайды, ал «соқыр аймақ» ауыр жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін.
Жолдағы қауіпсіздік — әр жүргізушінің ортақ жауапкершілігі!