Көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, қайтадан көлік басқарған құқықбұзушы полиция қызметкерлеріне бағынбаушылық танытты.

Көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, қайтадан көлік басқарған құқықбұзушы полиция қызметкерлеріне бағынбаушылық танытты.

17–25 мамыр аралығында өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Момышұлы көшесі бойында «Kia» маркалы автокөлік тоқтатылған. Алайда жүргізуші полиция қызметкерінің заңды тоқтату талабына бағынбай, қозғалысын жалғастырған.

Кейін ол Момышұлы көшесі бойындағы «Hilton» қонақүйі маңына келіп, автокөлігін өшірместен қалдырып, өзі қонақүй артындағы көпқабатты тұрғын үйлер арасына қарай қашып кеткен. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жедел әрекет етіп, азаматты ұстап, оқиға орнына жеткізді.

Тексеру барысында аталған азаматтың 2023 жылы мас күйінде көлік басқарғаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.

Қазіргі таңда автокөлік айыптұраққа қойылып, жүргізушіге қатысты тиісті шаралар қабылдануда.