Шымкентте «Жолда басқаларға үлгі бол» іс-шарасы өтті

Шымкентте «Жолда басқаларға үлгі бол» іс-шарасы өтті

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы және Еңбекші ауданы басқармасының қызметкерлері бірлесіп Жас жол инспекторларымен бірлесіп, «Жолда басқаларға үлгі бол» атты профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — жол қозғалысы ережелерін сақтауды насихаттау, жасөспірімдер арасында жол мәдениетін қалыптастыру және тұрғындарды жолдағы жауапкершілікке шақыру.