Шымкентте «Соңғы қоңырау» қарсаңында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Шымкентте «Соңғы қоңырау» қарсаңында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

25 мамыр күні Шымкент қаласының білім беру ұйымдарында «Соңғы қоңырау» іс-шарасы өтеді. Осыған байланысты, Шымкент қаласы Полиция департаменті тарапынан құқық бұзушылықтар мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда, ата-аналар комитеттері мен мектеп әкімшіліктерімен бірлескен кездесулер ұйымдастырылып, түлектердің автокөліктермен топтасып жүруіне және су айдындары мен демалыс орындарына баруына жол бермеу мәселелері түсіндірілді.

Профилактикалық шаралар аясында Шымкент қаласындағы №24 IT мектеп-лицейінде полиция қызметкерлері мен ата-аналардың қатысуымен кездесу өткізіліп, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.

Шымкент қаласы Полиция департаменті ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.