📍Интернет-алаяқтық пен киберқылмыстардың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және “Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында профилактикалық іс-шаралар өтті.
🌳 Кезекті іс-шара Еңбекші ауданы аумағында ұйымдастырылып, тұрғындарға интернет-алаяқтық, киберқылмыстар, дропперлік және жалған инвестициялық жобалардың қауіптері түсіндірілді.
Азаматтарға:
• күмәнді сілтемелерге өтпеу;
• SMS-кодтарды бөгде тұлғаларға бермеу;
• банк картасы деректерін жарияламау;
• “оңай табыс” ұсынатын интернет хабарландыруларға сенбеу қажеттігі ескертілді.