Шымкентте полицейлер аса ірі көлемдегі алаяқтық қылмысын ашып, күдіктілерді құрықтады.
Күдіктілер жергілікті кәсіпкерге тиесілі құны 800 миллион теңгеден асатын темекі өнімдерін жымқырып кеткен. Жүк Алматыдан Шымкентке логистикалық компания арқылы жеткізілуі тиіс болған. Алайда тасымалдау барысында қаскөйлер тауардың бүкіл партиясын заңсыз иемденіп алған.
Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының нәтижесінде полицейлер екі күдіктіні анықтап, ұстады. Сондай-ақ ұрланған тауардың бөлігі кәсіпкерге қайтарылды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жалғасуда.