Іс-шара барысында Қостанай облысы Полиция департаментінің музей меңгерушісі Танаткан Дильмухамедовке Шымкент қаласы Полиция департаментінің музейі таныстырылып, ішкі істер органдарының қалыптасу тарихын айқындайтын экспонаттар, архивтік құжаттар мен қызметтік жәдігерлер көрсетілді.
Кездесу аясында музей қорын сақтау, тарихи мұраны дәріптеу және жас қызметкерлерге патриоттық тәрбие беру бағытындағы жұмыстар сөз болды. Сонымен қатар, тараптар музей ісін дамыту және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінде тарихи құндылықтарды сақтау мен насихаттауға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.