Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақта тұрғын үйлерді аралап, азаматтарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, байланыс мәліметтері көрсетілген визиткалар таратты.
Сонымен қатар профилактикалық есепте тұрған азаматтар учаскелік полиция пунктеріне жеткізіліп, олармен профилактикалық әңгімелер өткізілді. Құқықбұзушылықтардың алдын алу және олардың қандай да бір қылмысқа қатыстылығын анықтау мақсатында қол-саусақ іздері алынды.
Бұдан бөлек, есепте тұрған қару иелеріне қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп, қаруды сақтау талаптарының сақталуы бақылауға алынды.
Сондай-ақ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу бағытында түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Тұрғындарға интернет желісінде қауіпсіздік шараларын сақтау, күмәнді сілтемелерге өтпеу, банк карталары мен