Шымкентте полицейлер толғағы басталған әйелді перзентханаға жедел жеткізді

Шымкентте полицейлер толғағы басталған әйелді перзентханаға жедел жеткізді

Қызмет барысында патрульдік полиция қызметкерлеріне ер адам жүгініп, жүкті жұбайының толғағы басталғанын айтқан. Оның сөзінше, әйелін тезірек перзентханаға жеткізу қажет болған.

Жағдайдың маңыздылығын түсінген полицейлер уақыт жоғалтпай, бірден көмек көрсетуге кірісті. Арнайы жарық белгілерін қосқан патрульдік көлік қала көшелеріндегі қозғалысқа жол ашып, отбасын перинаталдық орталыққа жедел алып барған. Осылайша болашақ ана медициналық мекемеге дер кезінде жеткізілді.

Кейін ер адам полицейлерге шынайы ризашылығын білдіріп, дәл осындай сәтте қолдау көрсеткені үшін алғысын айтты.