Қауіпсіздік – басты назарда: Шымкентте жол қауіпсіздігін бақылау күшейтілді

Қауіпсіздік – басты назарда: Шымкентте жол қауіпсіздігін бақылау күшейтілді

Шымкент қаласында «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауды күшейтті. Рейдтік іс-шаралардың негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру.

Іс-шараның екі күнінде полицейлермен 3000-ға жуық жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері анықталды. Оның ішінде қарсы бағытқа шығудың 6 фактісі, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтудің 17 жайты, жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 15 дерегі тіркелген. Сонымен қатар мас күйінде көлік басқару, жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндеу бойынша 7 жайт анықталып, басқа көліктердің қозғалысына кедергі келтірудің 78 жағдайы белгілі болды. Сондай-ақ өзге де құқық бұзушылықтар анықталды. Барлық құқық бұзушылар заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылды.


Атап өтейік, өткізіліп жатқан іс-шаралардың басты мақсаты әкімшілік хаттамалар санын көбейту емес, ең алдымен құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау болып табылады. «Қауіпті жүргізуш�