7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай Шымкент қаласы Полиция департаментінде мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Салтанатты іс-шараға департаменттің жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері, департамент басшылығы және арнайы қонақтар қатысты.
Мерекелік жиында Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшысы Мұхтар Қожаев қатысушыларды айтулы мерекелермен құттықтап, ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы қызметтің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ ардагерлердің еңбегіне алғыс білдіріп, жас қызметкерлерге адал әрі жауапты қызмет атқарудың маңызын атап өтті.
Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін адал әрі үлгілі атқарған бірқатар полиция қызметкерлеріне мерзімінен бұрын арнайы қызметтік шендер табысталды. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі мен жоғары кәсіби біліктілігі үшін бірқатар қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды.
Концерттік бағдарлама барысында патриоттық әндер орындалып, мерекелік көңіл-күй сыйлаған шығармашылық қойылымдар көпшілік назарына ұсынылды.
Аталған іс-шара қызметкерлер арасында патриоттық рухты нығайтып, ардагерлер мен жас буын арасындағы сабақтастықты дәріптеуге бағытталған.