Шымкент қаласында «Стоп граффити» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған шараның негізгі мақсаты – есірткі құралдарын насихаттайтын заңсыз граффити жазбаларын анықтау және жою, сондай-ақ жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шара барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шымкент қаласы «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігімен бірге, қала аумағында рейдтік жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде 30-ға жуық есірткі жарнамасына қатысты заңсыз граффити жазбалары жойылды.
Мұндай заңсыз жазбалар қоғамға, әсіресе жасөспірімдерге теріс әсер ететіні белгілі. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жастармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, зиянды ақпараттың алдын алудың маңыздылығын атап өтті.
Шымкент қаласы Полиция департаменті алдағы уақытта да осындай алдын алу шараларын жүйелі түрде жалғастырып, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейтетін болады.