Осы мереке қарсаңында Шымкент қаласы Полиция департаментінің түрлі ұлт өкілдерінен құралған қызметкерлері мемлекеттік тіл – қазақ тілінде жүрекжарды құттықтауларын арнап, ел бірлігі мен татулықтың маңызын атап өтті.
Шымкент қаласы Полиция департаменті қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау жолында қызмет ете отырып, мұндай тағылымы мол іс-шаралар арқылы халық арасында достықты, өзара құрмет пен бірлікті нығайтуды басты назарда ұстайды.
Бірлігі жарасқан елдің тірегі мықты. Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Татулық пен ынтымақ әрдайым бірге болсын!