Тәртіп сақшылары “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қоғамдық тәртіпті тәулік бойы бақылауды жалғастыруда.
Қызмет атқару барысында жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары қаладағы қоғамдық орындардың бірінде құқық бұзушылықты анықтады. Екі азамат автокөлікте алкогольдік ішімдік ішіп, қоқысты сыртқа тастап отырған.
Аталған дерек бойынша ақпарат дереу жақын маңдағы патрульдік полиция экипажына жолданды. Құқық бұзушылық мұнымен шектелмей, жүргізуші мас күйінде рөлде отырып, көлік қозғалысын бастаған.
Полицейлер көлікті дер кезінде тоқтатып, болуы мүмкін ауыр зардаптардың және жол қозғалысына қатысушыларға төнетін қауіптің алдын алды.
Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.
Сонымен қатар іс-шара барысында мас күйінде көлік басқарудың тағы 7 дерегі анықталып, жолы кесілді.
Полиция ескертеді: заң талаптарын сақтау – әрбір азаматтың қауіпсіздігінің кепілі.