Шымкентте жеке құрамның гарнизондық саптық таратылымы өтті

Шымкентте жеке құрамның гарнизондық саптық таратылымы өтті

Шымкент қаласында Полиция департаменті бастығының орынбасары Ұлықбек Мылтықовтың басшылығымен жеке құрамның саптық таратылымы өтті.

Іс-шара барысында қызметкерлердің қызметке дайындығы мен қызметтік автокөліктердің жай-күйі тексеріліп, қаладағы жедел жағдай жеткізілді.

Жеке құрамға құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту, азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету және патрульдеу тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.

Сонымен қатар, қызмет барысында ерекше көзге түскен қызметкерлер марапатталды.

Басшылық заңдылықты сақтау, қызметтік тәртіпті қатаң ұстану және азаматтармен сыпайы қарым-қатынас жасау қажеттігіне ерекше назар аударды.

Жеке құрамға қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы міндеттерді сапалы орындау тапсырылды.