Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасарының төрағалығымен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға қатысты әкімшілік қадағалау және профилактикалық жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңейтілген жиын өтті.

Кездесу барысында «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптары қаралды. Аталған заңға сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға 3 жылдан 8 жылға дейін әкімшілік қадағалау белгіленіп, бақылау күшейтілген.

Осыған байланысты жиын барысында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, босатылған азаматтардың тұрғылықты мекенжайына уақытылы келуі, есепке алынуы, олардың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс-тіршілігі, сондай-ақ әкімшілік қадағалау белгіленген шетел азаматтарын ел аумағынан шығару мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, аталған бағыттағы өзара іс-қимылды жетілдіру және жұмысты үйлестіру мәселелері қаралып, жауапты органдарға нақты тапсырмалар берілді.

Шымкент қаласы Полиция департаменті құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.