Дәріс барысында «Негативті әлеуметтік құбылыстар», «Девиантты мінез-құлық» тақырыптары кеңінен түсіндіріліп, жастар арасында салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, студенттерге құқық бұзушылықтардың алдын алу, зиянды әдеттердің салдары және олардың адам өміріне тигізетін кері әсері туралы ақпарат берілді. Қатысушыларға нақты мысалдар арқылы қауіп-қатерлер түсіндіріліп, заң талаптарын сақтау қажеттігі айтылды.
Полиция қызметкерлері мұндай кездесулердің жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруда, теріс әрекеттердің алдын алуда және дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Шымкент қаласы Полиция департаменті жастармен жүргізілетін профилактикалық жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырады.