Шымкентте уылдырық шашу кезеңінде браконьерлікке қарсы іс-шара басталды

Шымкентте уылдырық шашу кезеңінде браконьерлікке қарсы іс-шара басталды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, сондай-ақ Шымкент қаласы Полиция департаменті басшысының бұйрығына сай қала аумағында «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара 15 сәуірі мен 30 мамыры аралығында балықтардың уылдырық шашу кезеңінде браконьерлік әрекеттердің алдын алу және жолын кесу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Аталған кезеңде полиция қызметкерлері табиғатты қорғау органдарымен бірлесіп, су айдындары мен жағалау аумақтарында бақылау жұмыстарын күшейтеді. Негізгі мақсат — заңсыз балық аулау деректерін анықтау, табиғи ресурстарды сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Осыған байланысты аудандық полиция басқармаларына тиісті нұсқаулар беріліп, бақылау және есеп беру шаралары ұйымдастырылды.

Полиция департаменті азаматтарды табиғатты қорғау талаптарын сақтауға шақырады. Заңсыз балық аулау деректеріне жол берілмейтінін ескертеді.