10–14 сәуір аралығында республикалық «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Мақсаты – қарумен байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алу және оларды дер кезінде тоқтату.
Егер сізде заңсыз сақталған қару болса, оны ерікті түрде тапсыруға шақырамыз. Қаруларды қабылдау Шымкент қаласындағы Аудандық полиция басқармаларында жүргізіледі.
Ескерту: Қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Қауіпсіздік – бәрімізге ортақ міндет!