Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда адамның бет-әлпетін толық жабатын киімдерге шектеу енгізілді.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда адамның бет-әлпетін толық жабатын киімдерге шектеу енгізілді.

Бұл талаптар адамның тұлғасын тануға кедергі келтіретін киім түрлеріне қатысты.

Атап айтқанда, никаб, бурка, балаклава, медициналық көрсетілімсіз тағылатын маскалар және бетті толық жабатын өзге де жабындар шектеуге жатады.

Мұндай киімдер бейнебақылау жүйелерінің тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіріп, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қиындатады. Кей жағдайларда олар заңсыз әрекеттерді жасыру үшін қолданылуы мүмкін.

Сонымен қатар, заңнамада бетті жабуға рұқсат етілетін жағдайлар қарастырылған. Атап айтқанда, медициналық көрсетілімдер болғанда, қатты суық мезгілде, қызметтік міндеттерді орындау кезінде, сондай-ақ спорттық, мәдени және мерекелік іс-шараларда бет жабуға болады.

Бұл шара қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге, азаматтардың құқықтарын қорғауға және ашық қоғамдық ортаны қалыптастыруға бағытталған.