Шымкент қаласында полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстың жолын кесу, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі рейдтік іс-шара өткізді.
Рейд барысында қоғамдық орындарда мас күйде жүрген, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтарды анықтауға ерекше назар аударылды. Анықталған барлық жайттар бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Сонымен қатар, алкоголь өнімдерін сату талаптарының сақталуы бойынша дүкендер мен өзге де сауда нысандары тексерілді. Сауда орындарының иелерімен белгіленген қағидаларды қатаң сақтау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұдан бөлек, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ немесе ҚР аумағында заңсыз жүрген тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Аталған іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қаладағы қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай рейдтер тұрақты түрде өткізіледі.