Шымкентте жол қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді: 200-ден астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Шымкентте жол қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді: 200-ден астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Шымкент қаласы Абай ауданы «Қайнар бұлақ» елді мекенінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді.

Нәтижесінде 216 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде мас күйінде көлік басқару, қарсы бағытта жүру, қауіпсіздік белдігін тақпау, жаяу жүргіншіге жол бермеу және өзге де құқық бұзушылықтар тіркелді. Сонымен қатар, 18 автокөлік айыптұраққа қойылды.

Аталған іс-шара құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыруға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Іс-шара алдағы уақытта тұрақты түрде өткізілетін болады.

Шымкент қаласы Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін бұзбауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.