Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаевтың жетекшілігімен қоғамдық тәртіпті күзетуге түсетін жеке құрамның гарнизондық таратуы өтті.
Іс-шара барысында сақшылардың қызметке дайындығы, қызметтік техниканың жай-күйі тексеріліп, ағымдағы жедел жағдай жеткізілді. Сонымен қатар алдағы кезекшілікке нақты міндеттер қойылып, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етуге ерекше назар аударылды.
Іс-шара аясында марапаттау рәсімі де ұйымдастырылды. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, соның ішінде республикалық референдум, Наурыз мейрамы және Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы кезінде ерекшеленген қызметкерлер марапатталды.
Департамент басшысы мұндай нәтижелер жоғары кәсібилік пен үйлесімді жұмыстың айғағы екенін атап өтті. Сонымен қатар заңдылықты сақтау, қызметтік тәртіпті қатаң ұстану және азаматтарға құрметпен қарау қажеттігіне ерекше мән берілді.
Жиын қорытындысы бойынша жеке құрам қаладағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған тиімді жұмысқа бағдарланды.