Шымкентте миллиондаған теңгенің вейптерін заңсыз сату дерегі әшкереленді

Шымкентте миллиондаған теңгенің вейптерін заңсыз сату дерегі әшкереленді

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері электрондық тұтыну жүйелерін вейптерді сатумен айналысқан ер адамды анықтап, оның заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Профилактикалық іс-шаралар барысында күдіктінің вейп өнімдерін мессенджер арқылы жарнамалап, сатқаны белгілі болды. Онлайн-жарнама оған тұтынушыларды тауып, тауарды таратуға мүмкіндік берген.

Тексеру кезінде ер адамнан жалпы құны 3 миллион теңгеден асатын 332 дана электрондық тұтыну жүйесі табылып, тәркіленді.

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция ескертеді: электрондық тұтыну жүйелерінің заңсыз айналымы мен сатылуы иәртіп сақшыларының ерекше бақылауында. Мұндай құқық бұзушылықтар заңнамаға сәйкес қатаң түрде тоқтатылады.